Білім беру мекемелерінде діни экстремизм және терроризм туралы ескерту

2017 ж. 25 сәуiрiнде Тайынша қ. №4 ОМ-де ҰҚК қызметкерi А.Е. Жұмажанов «Бiлiм беру мекемелерiнде дiни экстремизм және терроризм туралы ескерту» атты дәрiс оқыды, орта және негiзгi мектептерiнiң директорлары қатысты.

Әлеуметтік педагогтер семинарының

Әлеуметтік педагогтер семинарының тақырыбы: «Жасөспірімдер жасындағы өзін-өзі анықтау рөлдік дағдарыс», «Қазіргі қоғам әлеуметтік мәселелері ретінде жасөспірімдер агрессиясы»

2017 жылдың 19 сәуiрiнде «Тайынша қаласының №1 орта мектебi» КММ аясында «Жасөспiрiмдер жасындағы өзiн-өзi анықтау рөлдiк дағдарыс», «Қазiргi қоғам әлеуметтiк мәселелерi ретiнде жасөспiрiмдер агрессиясы» тақырыптарында әлеуметтiк педагогтардың аудандық семинары өттi. Шақырылғандар: Бейсенбаев Қанат Тлеуғабылұлы ЖIИ инспекторы, гинеколог-дәрiгерi Луценко Людмила Михайловна.

№1 ОМ бастауыш сыныптарының оқу iсi бойынша орынбасары — Пензельская Людмила Анатольевна.

Тайынша аудандық орталық емханасының гинеколог-дәрiгерi Луценко Людмила Михайловна баяндама оқыды.

«Алғашқы махаббат жасы мен оқушыны отбасылық өмiрге даярлау» тақырыбындағы баяндамаларды Тамина Қанағат Жексенбайқызы және Абдрахманова Гүлзина Батанқызы оқыды.

Келлер ОМ әлеуметтiк ұстаздары. Тренинг.

«Жас ерекшелiктерi мәселесi бойынша балалармен Оңтайлы коммуникация ережелерi» тақырыбында Тайынша қаласы №2 ОМ әлеуметтiк ұстазы Рожанская Оксана Владимировна баяндама оқыды.

№1 ОМ педагог-психологы Нестульева Светлана Анатольевнаның тренингi.

Келесi болып Петровка ОМ әлеуметтiк ұстазы Пашковская Ксения Антоновна «Жасөспiрiмдер агрессиясы»» тақырыбында сөз сөйледi.

Вишневка ОМ әлеуметтiк ұстазы Малиновский Вячеслав Иванович «Жасөспiрiмдердiң агрессивтiк таныту мәселелерiне жаңашыл көзқарас» тақырыбындағы баяндамасын оқыды.

Чижаковская Альбина Адылжановнаның баяндама оқу сәтi. «Үйдегi зорлық жасөспiрiмдер бойында агрессивтiк ауытқуларды құру негiзi» тақырыбында.

Киров ОМ әлеуметтiк ұстазы Салихова Вера Григорьевна «Балалардың аутоагрессивтiк және агрессивтiк мiнез-құлқын алдын алу» тақырыбындағы баяндама оқуы

Семинар қатысушылары.

Директорлар кеңесі

2017 жылдың 19 сәуiрiнде Бiлiм бөлiмiнiң мәжiлiс залында басшы м.а. Г. Игiбаеваның төрағалық етуiмен мектеп директорларының қатысумен кеңес өткiзiлдi. Кеңес барысында бiлiм беру мекемелерi түлектердiң қорытынды аттесттауын өткiзуге даярлық туралы, сонымен қатар ҰБТ жаңа форматын (КТА) енгiзу туралы мәселелер талқыланды. Басшы м.а. Игiбаева Гүлнар Сапарғалиқызы 2016-2017 оқу жылының 3 тоқсанына Солтүстiк Қазақстан облысы бiлiм беру саласын бақылау департаментiнiң бақылау шараларының қорытындысы жайлы ақпарат бердi.

XVIII Абай және VIII Махамбет оқуларының өткізілуі туралы ақпарат

Бiлiм бөлiмi XVIII Абай және VIII Махамбет оқулараның аудандық кезеңiн 2017 жылдың сәуiрдiң 19–ы күнi Тайынша қаласы №5 орта мектебiнде өткiздi. Байқауға 65 оқушы қатысты.

Әр номинацияның ережесi бойынша Оқыту тiлiне қарамастан, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес жалпы бiлiм беретiн 5–11-сынып оқушылары қатыса алады.

1. Бiрiншi номинация «Өлең сөздiң патшасы, сөз сарасы» Абай оқуларынан Аңсаған Толқын Амандық ОМ 8 сынып оқушысы және Махамбет оқуынан Ұлан Ерхан Мәдениет НМ 6 сынып оқушысы 1 орынды иелендi,

2. Екiншi номинация « Көңiлiм әндi ұғады» Абай мен Махамбет әндерi мен күйлерiн орындау. 1 орын Секел Жанарбек Тендiк ОМ 9 сынып оқушысы

3. Үшiншi номинация «Жүйрiктен жүйрiк озар жарысқанда» жас дарындар. 1 орын Ташмаканова Анель Тайынша қ. №5 ОМ 9 сынып оқушысы.

Аталған оқушылар облыстық кезеңге жолдама алды.