Всеказахстанский урок “Доверие 111”

22 ноября проведен всеказахстанский урок «Доверие 111» (среди учащихся старших классов), направленный на повышение узнаваемости о функционировании Национального телефона доверия 111 для детей и молодежи, а также уровня доверия среди детей и подростков к телефону доверия как услуге экстренной консультативной, психологической и юридической помощи.

Круглосуточный телефон доверия 111 создан в ноябре 2016 года,  при поддержке Правительства Республики Казахстан в сотрудничестве с Детским фондом ООН ЮНИСЕФ в РК, Региональным Представительством Международной тюремной реформы PRI в Центральной Азии и Конгрессом молодежи Казахстана.

По мнению национальных и международных экспертов, деятельность телефона доверия по оказанию экстренной психологической, юридической помощи детскому населению является универсальным социальным механизмом, которое необходимо расширять и совершенствовать.

В фойе школы оформлен информационный стенд. Посредством группы “Родители МСШ” необходимая информация доведена до родителей и законных представителей учащихся.

Отдых в оздоровительном центре “Арман” – 2017

В этом году 15 учащихся КГУ «Макашевская средняя школа» провели незабываемых 12 дней (с 10 по 21 июля 2017 года – 3 сезон) в оздоровительном лагере «Арман». Из 15 учащихся 10 – платно (за счет денежных средств родителей). Ребята делились впечатлениями о том, как здорово и весело отдохнули в лагере «Арман». Смена обстановки, новые знакомые, живое общение, развлекательная программа и многое другое оставили неизгладимый след в памяти наших ребят.

Білімде сандық технологияларды қолдану

Білім және ғылым мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық капиталы дамуының негізгі факторы болып табылады. Білім саласын дамыту инновацияны ендіруге септігін тигізіп, экономикалық өсудің негізгі қозғалыс күші болып табылатын қазіргі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға қажетті жастарды керекті білімдер мен дағдылармен қамтамасыз етеді.

Елдің экономикалық жағдайын бейнелейтін негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің бірі болып жалпы ішкі өнім (жіө) табылады.Бұл көрсеткіш ұлттың материалдық әл-ауқатын және халықтың өмір сүру деңгейін бейнелейді.

Ernst&Young халықаралық компаниясының зерттеуінің мәліметі бойынша мемлекеттің білім мен экономикасының арасында тікелей байланыс байқалады.

Мысалы:

Бастауыш білім берумен қамтылуы  1%-ға арттыру мемлекеттің жалпы ішкі өнімің 0,35% – ға көтереді. (Stevens & Weale, 2003);

Жоғарғы сыныптарды оқыту мерзімін бір жылға көбейту мемлекеттік жалпы ішкі өнімін  0,44% (Barro, 2002)-ға  арттырады;

Ұзақтығы 10 жылға созылған  білім берудің стартегиялық  бағдарламаларын іске асыру мемлекеттің жалпы ішкі өнімін 5%-ға көбейтеді (Hanushek & , 2007);

PISA-ның орташа балынан 5 балға жоғары алған мемлекет еңбек өнімділігін 2,5% –ға және жалпы ішкі өнімді адам басына 1,5%- ға арттырады (ОЭСР, 2006);

PISA-ның 50 балын  жақсарту мемлекеттік жылдық жалпы ішкі өнімін 1% (Hanushek, 2010) көбейтеді.

Білім берудің сапасына әсер ететін фактор бір оқушыға жұмсалатын шығыс болып табылады. Қазақстан PISA2012-ға қатысушы Еуропа және Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде бір оқышуның білім алуына ең төменгі сумманы (жалпы ішкі өнімнің 12%-ын) жұмсайды. Ресейде бұл көрсеткіш 21%-ды,  ОЭСР мемлекеттерінде орта есеппен 27%-ды құрайды. Алайда бір оқушыға бюджеттік шығын мен үлгерімін жақсартуға себеп-салдарлық байланыс біркелкі. Польша мен Эстония сияқты мемлекеттер экономикасының дамуы жағынан ұқсас мемлекеттерге қарағанда бір оқушыға бюджеттік қаражатты азырақ бөледі. Сонымен бірге олар оқышылардың басым көбіне орта мектепті бітіргенде математика мен  оқудан жоғары сауаттылықты қамтамасыз етуді іске асырады.

Қазіргі таңда әлемдік рейтингтер бойынша Қазақстан Республикасының білім беруі келесі қарқында көрсетілген:

2014-2015 ж Әлемдік бәсекелестік индексі: Қазақстан 144 мемлекеттің арасынан 520 Инновация мен күрделілік факторы субиндексі бойынша 89  орын алды. Сонымен қатар, мемлекет ұстанымының келесі 5 бағыт бойынша төмендегені байқалады: “Жоғары білім және кәсіпби дайындық” (-8), “Макроэкономикалық орта” (-4), “Технологиялық дайындық”- (-4), “Институттар” (-2), “Инновациялық шама” (-1). Бұнымен қатар, салғастырмалы талдау ұстанымның “Орта біліммен қамту” (-13), “Жоғары біліммен қамту” (-4) көрсеткіштері және  “НИОКР ортасында университеттер мен сауданың ынтымақтастығы” сауалнама көрсеткіштері бойынша  төмендегені байқалады.

Адами капиталдың даму индексі (Human Capital Index) 2015ж.: 2 жыл ішінде Қазақстан өзіңің рейтингін “Білім”- “Жұмыс орнында біліктілігін арттыру мүмкіндігі” көрсеткіштер топтамасы  бойынша 8 позицияға өсірді (56 орын)

  • 2014-2015 ж Әлемнің 800 ең үздік жоғары оқу орындары: Рейтингге Қазақстанның 9 жоғары оқу орындары кірді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (305), Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (324) және 7 университет 500-701 позицияда.
  • Білім беру саласында келесі мәселелер болуы мүмкін:
  • Мектепке дейінгі білім беруге тең қолжетімділіктің қамтамасыз етілмеуі. Республикада балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен  қамту 41,3 % құрайды. Сонымен бірге еліміздің барлық аймақтарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 296,7 мың бала ұйымдастырылған мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға қажеттілікті бастан кешіруде.

Қазіргі таңда 1 компьютерге 18 оқушыдан келеді. 2005 жылы бұл көрсеткіш 41-ді, оның ішінде ауылдық жерде- 36-ны құрады. Интернет желісіне 98 %-ы , 97% ауылдық мектептер қосылған. (2005 жылы 75% және сәйкесінше 70% ). Кең жолақты интернетке 34 мектептер қолжетімділікке ие. Балалардың  қосымша біліммен қамтылғандығы басқа елдермен салыстырғанда(30 – 50 %) төменірек (21,6 %).Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 70%-ы ескірген құрылғылармен жұмыс істеуде.

  • Мамандардың біліктілік деңгейіне қойылатын біліктілік талаптары жаңартуды қалайды, өйткені олар барлық уақытта өндірістің жаңа технологияларына сәйкес келе бермейді.
  • Ұзақ мерзімге кадрларға қажеттілік болжамы іске асырылмайды.
  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының мазмұны еңбек нарығына байланысты өзгеріп отыратын жұмыс берушінің талаптарына толықтай сәйкес келмейді.
  • Әлеуметтік серіктестік нашар дамыған. Ғылым мен өндірістік арасындағы байланыс нашар. Бітірушілерді жұмыспен қамту, жоғары білім стандарттарын құру процессіне және  мамандарды аттестаттауға жұмыс берушілерді тарту механизмдері жоқ.
  • Профессорлық-оқытушы құрамының біліктілігін арттыру жүйесі дұрыс деңгейде дамымаған.
  • Диссертациялық зерттеулер шеңберінде орындалған ғылыми зерттеулер мен қолданбалы әзірлемелердің тиімділігі мен нәтижелілігі төмен. Дамыған және дамып жатқан мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей, сандық білім беру технологияларын ендіру Қазақстан Республикасы білімінің ақпараттық инфрақұрылымын әлемдік білім беру орталығына біріктіреді. Әлемдік тәжірибені  ескере отырып, білім және ғылым саласына сандық инновациялық технологияларды енгізу қажет. Олар келесі мәселелерді шешеді:
  • Білім беру ұйымдарының қорлары мен инфрақұрылымдарын есепке алу (негізгі қаражат, кітапхана қоры, материалдық-техникалық базасы);
  • Кадрларды басқару;
  • Білім алушылар контингентінің қозғалысын болжау;
  • Қаражатты жоспарлау және бақылауды қамтамасыз ету;
  • Жан басына қаржыландыруды ұйымдастыру;
  • Аймақтық деңгейде КОБ мен ірі өнеркәсіптер үшін кадрларға қажеттілікті жылдық болжау;

–    гранттарды бөлу процессін автоматтандыру;

–    бітірушілерді мамандығы бойынша жұмыспен қамтуды бақылау;

–   жұмыс берушінің тікелей қатысуымен аймақтық еңбек нарығының жұмыс кардрларға  орташа болжамды  сұраныстарын уақытында  түзету;

–     шағын жинақты мектептердегі  оқытышуға қатар қолданатын класстарда  әрбір пән бойынша сандық білім беру ресурстарын беру арқылы бірнеше пәндерден оқытуға мүмкіндік беру қажет.

–  балалардың таңдап алған пәнді өзіндік оқуына мүмкіндік беру;

– мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналарды үйде өзіндік оқыту мен түзету көмектері бойынша ақпаратпен қамтамасыз ету;

– сандық үлгіде қосымша білім мен  дағдыларға мүмкіндік беру;

–  Сауда электрондық курстары мен жұмыс берушінің таңдаған курстарын жұмысқа тарту  арқылы сұранысқа ие сандық білім беру ресурстар базасын кеңейту;

– жоғары оқу орындары мен кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарының студенттері үшін оқытудың өзіндік траекториясын таңдауға мүмкіндікті ұлғайту;

– Біліктілікті жоғарылату және қосымша мамандық алу үшін үздіксіз білімді ұйымдастыру;

– бітірушілердің тарихын (алған білімі туралы ақпаратты) мен димломды, аттестатты және сертификатты растауды  жүргізу;

– ғылыми жұмыстар бойынша мәліметтерді (дипломдық жұмыстар, диссертациялар, ғылыми мақалалар) электрондық түрде  жүргізу;

– мемлекеттік қызмет көрсетуге сыртқы ақпараттық жүйелерден тапсырысты бір жүйеде қабылдау (ЭҮП, ХҚО АЖ, ЕЛ МДБ, ЭҮРШ мен бірігу);

–  бірыңғай платформада тапсырыстың әрбір түрін өңдеу процессін автоматтандыру;

– мәліметтермен электрондық түрде алмасу;

– қызмет көрсету нәтижелелерін электрондық түрде беру;

– нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес электрондық құжаттарды сақтауды және жазуды қамтамасыз ету;

– электрондық құжаттың растығын тексеруді қамтамасыз ету;

– Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ақпараттық жүйелелерінің  бірігуі арқылы баланың денсаулық пастортын есепке алу;

– Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ақпараттық жүйелелерінің  бірігуі арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды  есепке алу;

– халыққа инклюзивтік білімі бар мектептер туралы ақпарат беру;

– балаларды түзету көмектеріне жолдау; (сауықтыру);

– Білім беру сандық технологияларын енгізу білімнің сапасын, білім беру ұйымдарының нәтижелілігін арттыруға, мемлекеттік қызметті электрондық түрде көрсетудің сауда-процесін автоматтандыруға мүмкіндік туғызады. Білім мәселелері әр уақытта мемлекеттік ең маңызды басымдығы болып қалады. Қазақстанда білімде сандық технологияларды қолдану бағытын іске асыру 2016 жылғы 1 наурыздағы  Қазақстан Республикасы Президентінің № 205 жарлығымен бекітілген “Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың  мемлекеттік бағдарламасының” шеңберінде жоспарланғанын ескере кету керек.

532, 4 Мбит/сек – 2000 мектеп.

Білім беру мекемелерінде діни экстремизм және терроризм туралы ескерту

2017 ж. 25 сәуiрiнде Тайынша қ. №4 ОМ-де ҰҚК қызметкерi А.Е. Жұмажанов «Бiлiм беру мекемелерiнде дiни экстремизм және терроризм туралы ескерту» атты дәрiс оқыды, орта және негiзгi мектептерiнiң директорлары қатысты.

Әлеуметтік педагогтер семинарының

Әлеуметтік педагогтер семинарының тақырыбы: «Жасөспірімдер жасындағы өзін-өзі анықтау рөлдік дағдарыс», «Қазіргі қоғам әлеуметтік мәселелері ретінде жасөспірімдер агрессиясы»

2017 жылдың 19 сәуiрiнде «Тайынша қаласының №1 орта мектебi» КММ аясында «Жасөспiрiмдер жасындағы өзiн-өзi анықтау рөлдiк дағдарыс», «Қазiргi қоғам әлеуметтiк мәселелерi ретiнде жасөспiрiмдер агрессиясы» тақырыптарында әлеуметтiк педагогтардың аудандық семинары өттi. Шақырылғандар: Бейсенбаев Қанат Тлеуғабылұлы ЖIИ инспекторы, гинеколог-дәрiгерi Луценко Людмила Михайловна.

№1 ОМ бастауыш сыныптарының оқу iсi бойынша орынбасары — Пензельская Людмила Анатольевна.

Тайынша аудандық орталық емханасының гинеколог-дәрiгерi Луценко Людмила Михайловна баяндама оқыды.

«Алғашқы махаббат жасы мен оқушыны отбасылық өмiрге даярлау» тақырыбындағы баяндамаларды Тамина Қанағат Жексенбайқызы және Абдрахманова Гүлзина Батанқызы оқыды.

Келлер ОМ әлеуметтiк ұстаздары. Тренинг.

«Жас ерекшелiктерi мәселесi бойынша балалармен Оңтайлы коммуникация ережелерi» тақырыбында Тайынша қаласы №2 ОМ әлеуметтiк ұстазы Рожанская Оксана Владимировна баяндама оқыды.

№1 ОМ педагог-психологы Нестульева Светлана Анатольевнаның тренингi.

Келесi болып Петровка ОМ әлеуметтiк ұстазы Пашковская Ксения Антоновна «Жасөспiрiмдер агрессиясы»» тақырыбында сөз сөйледi.

Вишневка ОМ әлеуметтiк ұстазы Малиновский Вячеслав Иванович «Жасөспiрiмдердiң агрессивтiк таныту мәселелерiне жаңашыл көзқарас» тақырыбындағы баяндамасын оқыды.

Чижаковская Альбина Адылжановнаның баяндама оқу сәтi. «Үйдегi зорлық жасөспiрiмдер бойында агрессивтiк ауытқуларды құру негiзi» тақырыбында.

Киров ОМ әлеуметтiк ұстазы Салихова Вера Григорьевна «Балалардың аутоагрессивтiк және агрессивтiк мiнез-құлқын алдын алу» тақырыбындағы баяндама оқуы

Семинар қатысушылары.

Директорлар кеңесі

2017 жылдың 19 сәуiрiнде Бiлiм бөлiмiнiң мәжiлiс залында басшы м.а. Г. Игiбаеваның төрағалық етуiмен мектеп директорларының қатысумен кеңес өткiзiлдi. Кеңес барысында бiлiм беру мекемелерi түлектердiң қорытынды аттесттауын өткiзуге даярлық туралы, сонымен қатар ҰБТ жаңа форматын (КТА) енгiзу туралы мәселелер талқыланды. Басшы м.а. Игiбаева Гүлнар Сапарғалиқызы 2016-2017 оқу жылының 3 тоқсанына Солтүстiк Қазақстан облысы бiлiм беру саласын бақылау департаментiнiң бақылау шараларының қорытындысы жайлы ақпарат бердi.

XVIII Абай және VIII Махамбет оқуларының өткізілуі туралы ақпарат

Бiлiм бөлiмi XVIII Абай және VIII Махамбет оқулараның аудандық кезеңiн 2017 жылдың сәуiрдiң 19–ы күнi Тайынша қаласы №5 орта мектебiнде өткiздi. Байқауға 65 оқушы қатысты.

Әр номинацияның ережесi бойынша Оқыту тiлiне қарамастан, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес жалпы бiлiм беретiн 5–11-сынып оқушылары қатыса алады.

1. Бiрiншi номинация «Өлең сөздiң патшасы, сөз сарасы» Абай оқуларынан Аңсаған Толқын Амандық ОМ 8 сынып оқушысы және Махамбет оқуынан Ұлан Ерхан Мәдениет НМ 6 сынып оқушысы 1 орынды иелендi,

2. Екiншi номинация « Көңiлiм әндi ұғады» Абай мен Махамбет әндерi мен күйлерiн орындау. 1 орын Секел Жанарбек Тендiк ОМ 9 сынып оқушысы

3. Үшiншi номинация «Жүйрiктен жүйрiк озар жарысқанда» жас дарындар. 1 орын Ташмаканова Анель Тайынша қ. №5 ОМ 9 сынып оқушысы.

Аталған оқушылар облыстық кезеңге жолдама алды.